Ақпарат министрлігі ұсталған журналистерге қатысты түсініктеме берді

928

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік БАҚ саласындағы уәкілетті орган болғандықтан БАҚ өкілдерін қолдамақ.  

Ақпарат министрлігі ұсталған журналистерге қатысты түсініктеме берді

"Бүгінгі таңда ҚР аумағында БАҚ өкілдері үшін тиісті айырым белгілері бекітілген Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) қызметінің қағидалары қолданылады", - делінген хабарламада.

Министрліктің пікірінше, кеудеше, жеңдегі таңғыш, жапсырма журналистің айырым белгілерінің нысандары болып табылады. Көрсетілген айырым белгілерін тағып жүру кезінде олардың анық көрінуін қамтамасыз ету қажет.

Министрлік БАҚ өкілдерін ұстап алудың әрбір жағдайын мұқият тексермек.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ұстап алудың барлық фактілері бойынша тексеру жүргізіліп, зерделенуде. Ұстап алу фактілерін анықтаудағы негізгі проблемалар – журналистерде айырым белгілерінің болмауы, бұл оларға қатысты кәсіби қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат беруде проблема тудырды", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарына қарағанда, БАҚ-тың жекелеген өкілдері Қазақстан Республикасында "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңнаманы бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттері және тікелей өздерінің кәсіби қызметтерін жүзеге асырмағаны үшін ұсталды.

Министрлік төтенше жағдай режимінің талаптарына түсіністікпен қарауға және қатаң сақтауға, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды жария ету кезінде журналистердің айырым белгілеріне ие болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу