Ақпарат министрлігі ВВС корпорациясымен меморандум жасасты

714

Ақпарат министрлігі ВВС корпорациясымен меморандум жасасты

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен корольдігіне жұмыс сапары барысында ВВС Worldwide басшылары Шон О Хара және Сергей Становкинмен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың болашағы мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды 24.kz.

Кездесу нәтижесінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен ВВС Worldwide корпорациясы арасындағы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында редакциялық жоспарларды алмасуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, дөңгелек үстелдер өткізу, ұлттық және аймақтық БАҚ-қа лекция ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанның туристік және инвестициялық әлеуетін ілгерілету жоспарланған.

Сонымен қатар меморандумда негізгі бағыты цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу аясында Қазақстан телеарналарының техникалық дамуы жөнінде бірлескен кеңес беруді жүргізу, ақпарат пен тәжірибе алмасатын жұмыс тобын құру қарастырылады.

Айта кетейік, ВВС корпорациясы 1920 жылы құрылған. Қазіргі таңда БАҚ саласындағы жаһандық көшбасшы медиакорпорацияларының бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу