Ақпарат министрлігі: Журналистердің ұсталуына қатысты барлық фактіні тексереміз

878

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі елде болған оқиғалар барысында журналистердің ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады.  

Ақпарат министрлігі: Журналистердің ұсталуына қатысты барлық фактіні тексереміз

"Министрлік болған оқиға кезінде ұсталған БАҚ өкілдеріне қатысты әрбір жағдайды мұқият тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірге барлық фактіге тексеру жүргізіліп, зерделеніп жатыр. Анықтау барысында журналистерде айырым белгілерінің болмауы негізгі проблема болып отыр. Оның болмауы салдарынан кәсіби қызметтерін жүзеге асыруда проблема туындаған", – деп жазылған министрлік ақпарында.

Министрлік БАҚ өкілдерінің тиісті айырым белгілері бекітілгенін еске салады: кеудеше, жеңге таңғыш бау, жапсырма (наклейка). Көрсетілген айырым белгілері анық көрініп тұруы керек.

Тағы да ескертеді: "Оқиға кезінде БАҚ өкілдері бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзу, төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттерге бару және тікелей өз кәсіби қызметін жүзеге асырмағаны үшін ұсталды".

"Министрлік төтенше жағдай режимінің талаптарына түсіністікпен қарауға және қатаң сақтауға, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды жария ету кезінде журналистердің айырым белгілеріне ие болуға шақырады. Аталған мәселе Министрліктің тұрақты бақылауында", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу