Ақпарат министрлігінде жаңа Тұжырымдама әзірленді

498

Мақсаты: Отбасын жоспарлау және ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мәселелері бойынша некеге тұратын жұптардың хабардар болуын арттыру. 

Ақпарат министрлігінде жаңа Тұжырымдама әзірленді Фото: inbusiness.kz

Бұл тұжырымдама некені ресми тіркеудің алдындағы кезеңде гендерлік теңдік, репродуктивті денсаулық және саналы ата-ана болу проблемаларын қоса алғанда, отбасы өмірінің кең ауқымды мәселелері бойынша қажетті ақпарат беру арқылы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттің әлеуетін кеңейтетін құжаттың маңызы бар.

Хабардар болуды, яғни қажетті ақпараттарды біліп жүру тетіктерін дамыту мақсатында түрлі тренингтер өткізу жоспарланып жатыр.

2023 жылдың соңына дейін "ажырасу деңгейі жоғары" жекелеген өңірлерде некені тіркеуге өтініш білдірген азаматтарға отбасын жоспарлау және отбасылық психология, репродуктивті денсаулық, отбасылық бюджетті жоспарлау және басқа да маңызды мәселелер туралы оқыту бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Оқыту тегін түрде өтеді 

Әр тренингтің барысында қатысушылар тәуелсіз тақырыптық блоктарды игереді:

  • серіктестік және жауапкершілік;
  • отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық;
  • құқықтық сауаттылық;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік;
  • қаржылық сауаттылық;
  • эмоционалды интеллект және отбасы ішіндегі және одан тыс қарым-қатынас дағдылары.

Некеге дейінгі тренингтен өту туралы шешім қабылдаған ерлі-зайыптылар барлық модульдерді бір күнде игере алады немесе бірнеше күн бойы оқудан өте алады.

Тренингтер оффлайн және онлайн режимінде өткізіледі. Тренинг барысында ұсынылатын ақпараттың жоғары сапасы мамандардың бейне дәрістерін пайдалануды және білікті жаттықтырушылардың жұмысын көздейтін комбо-форматты қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

Осы шараны іске асырып, оны енгізудің әсерін бағалағаннан кейін өңірлер санын ұлғайту туралы мәселе қаралатын болады.

Сондай-ақ, БҰҰ Халық қоныстану қорымен (ЮНФПА) бірлесіп, болашақ ерлі-зайыптылар үшін "Бақытты отбасы" жадынамасы әзірленуде. Жадынамада қазіргі отбасы институтына тән тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін ұсыныстар жазылады. Мұндай тәуекелдерге тұрмыстық зорлық-зомбылық, репродуктивті дисфункция мен бедеулік, ата-аналық жауапкершілік пен серіктестік теңдіктің жоқтығы жатады.

Бұл жадынама әзірленгеннен кейін электрондық үкімет порталында орналастырылуы мүмкін (egov.kz). Бұдан басқа, некені тіркеуге өтініш берген азаматтарды осы материалдармен міндетті түрде таныстыру жөніндегі опцияны көздеуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу