Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ҰҚШҰ ұйымына қатысты сұрақққа жауап берді.
Брифинг барысында Смадияровқа "Қазақстан Арманиямен бірге ҰҚШҰ-дан шығады деген ақпарат бар" деген сауал қойылды.
"Қазір әріптестерімнен нақтылаймын. Бірақ ақпарат шындыққа жанаспайды. Армения өз талабын белгілесе,олардың мәселесі. Біз ұйым аясында әлі істеп жатырмыз. 1-2 күн бұрын ғана кездесіп, ұйымның дамуы мәселесін талқыладық. Біздің еліміз ұйымның құрылуына атсалысқан елдердің бірі", - деді Смадияров.
Еске салсақ, осыған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның тиімсіздігін айтып, сынаған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу