Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі ДДҰ сайтын ашу үшін сотқа жүгінді

Министрлік ресурсты мүмкіндігінше тезірек ашуды көздеп отыр.  

Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі ДДҰ сайтын ашу үшін сотқа жүгінді Фото: tengrinews.kz

Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтын Қазақстанда бұғаттау туралы шешімді қайта қарау үшін Алматы облысы Талғар аудандық сотына жүгінді.

"Талғар сотынан автоматты түрде шешім алдық және сайт бірден бұғатталды. Біз бұғаттауды қайта қарау үшін Талғар сотына осы мәселе бойынша хат жолдадық. Сот пен прокуратурадан жауап келгенде ДДСҰ сайтын тезірек бұғаттаудан шығару үшін әрекет жасаймыз", - деді министрлік басшысы Дархан Қыдырәлі мәжіліс алаңында.

Оның айтуынша, бұл мәселе ведомство бақылауында.

Еске сала кетсек, 14 қазанда Талғар аудандық сотының шешімімен Қазақстанда ДДҰ сайты бұғатталды. Оның себебі  сайттың Телеграмында "іздеу" функциясы таңдалған кезде "Суицид әдістері" деп аталатын бот іске қосылған. Онда өз-өзіне қол жұмсау жолдары ұсынылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу