Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңдағы өзгерістер таныстырылды

1146

2015 жылы қабылданған "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға бірқатар өзгерістер енгізіліп, былтыр жылдың соңында қайтадан қабылданған еді.  

 Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңдағы өзгерістер таныстырылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен отырыста заңдағы жаңалықтар таныстырылды. Құжаттағы өзгерістерге сай, министрлік ақпаратқа қолжеткізу саласындағы жұмыстарды жүзеге асырып, мониторинг жүргізіп отырады. Әдістемелік қолдау мәселесі де осы ведомствоның құзыретінде. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың айтуынша,  министрлік Мемлекет басшысына ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жыл сайын есеп беріп отырады. "Біз Президентке беретін есептің жобасын әзірлеп қойдық. 1 сәуірге дейін Үкіметке жібереміз. Үкімет 1 маусымға дейін Мемлекет басшысына жолдауға тиіс", – дейді вице-министр.

Сондай-ақ, заңдағы жаңалықтың бірі – ақпарат иеленушілердің қатарына кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, мемлекеттік органдардың функцияларын атқаратын өзін-өзі реттейтін мекемелер және үкіметтік емес ұйымдар енгізілді. Бұған қоса, мемлекеттік мекемелер ғана емес, квазимемлекеттік органдар да сайттарында ашық деректерді орналасттырып, олардың бірінші басшылары блок жүргізіп отыруға тиіс. Қазірдің өзінде осындай жеке блогты 150 ұйым ашып үлгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу