Ақпараттық қауіпсіздік комитеті жеке ақпараттарды сатқан Шымкент университетіне сәлем жолдады

291

Аталмыш жоғары оқу орнына қатысты Комитетке мемлекеттік техникалық қызметтен шағым түскен.  

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті жеке ақпараттарды сатқан Шымкент университетіне сәлем жолдады Фото: gov.kz

Жеке ақпараттан бөлек, ЖОО-ның әкімшілігінен біреу инфрақұрылымға кіруге мүмкіндік беретін құпия ақпаратты сатқаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Шымкент университеттерінің бірінде жеке ақпараттардың таралуы жайында айтар болсақ, бізге мемлекеттік техникалық қызметтен шағым түсті, тексеру шараларын қолға аламыз, сондықтан университет ректорына дұғай-дұғай сәлем жолдаймыз, Ақпараттық қауіпсіздік комитетін күтіңіз. Жақында тексеріс жүргіземіз. Ақпараттың қалай тарап кеткенін анықтайтын боламыз", – ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов. 

Спикердің айтуынша, алдын ала тексеру барысында мессенджерлердегі хаттардан ЖОО-ның әкімшілігінен біреу барлық инфрақұрылымға кіруге мүмкіндік беретін ақпаратты сатқаны анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу