Ақпараттық сауаттылықты арттыратын заманауи пәндер енгізу ұсынылды

1093

Ақпараттық сауаттылықты арттыратын заманауи пәндер енгізу ұсынылды

"Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем"  деген тақырыпта Еуразия медиа форумы басталды, деп хабарлайды форумның баспасөз орталығы.

Шараның алғашқы шеберлік дәрісін "#Hashtag our stories" компаниясының негізін қалаушы Юсуф Омар бастады. Дәріс тақырыбы: "Мобильді журналистикадан әлеуметтік виртуалды шындыққа дейін". Ол  жаңа тенденциялар, тоқсан тоғыз тараптан шынайы мәліметті теріп, әп-сәтте әлемнің кез келген түкпірінен ақпарат алу мен тарату мүмкіндігі туралы баяндады.

Юсуф Омардың шеберлік дәрісіне жиналғандардың  дені көп болды. Сондай-ақ, ол "замануи мультимедиа" туралы білгенімен бөлісіп, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.

"7 миллиард адам қазіргі таңда өз ұялы телефондары арқылы жаңалықтар жаршысы бола алады. Ақпараттық технология дамыған заманда дәстүрлі БАҚ-тың атқарар ролі қандай? Менің ойымша, дәстүрлі БАҚ өкілдері аналитика мен контекстке негізделу керек. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері фейк жаңалық пен ақиқаттың ара-жігін ажырата білуге тиіс. Бұл қағидалар медианарықтың әлемдік орнын сақтап қалуға қызмет жасайды", - деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар, тәуелсіз сарапшы Саясат Нұрбек мектеп бағдарламасына ақпараттық сауаттылықты арттыратын пәндерді енгізуді ұсынды.

"Қазіргі таңда ақпаратты даярлау мен оны шығару мерзімі қысқарып кетті. Бұрын журналистер үшін ақпарат жинау қаншама уақыт алатын, оларға редактор тапсырма беретін. Қазір жарты сағаттың ішінде жеке субъективті пікірі мен эмоциясына негізделген блогердің жазған ақпаратын бір сағаттың ішінде мыңдаған, миллиондаған адам көреді де, сол пікірге сүйенеді. Дәстүрлі БАҚ-тың ішкі өндірісінің өзі өзгеріп жатыр. Ақпарат даярлау ақпаратты тексеру, жалған хабар деген қазіргі таңда өте көп. Неге десеңіз эмоцияға негізделген жалған хабарға сену де оңай болып кетті, сондай-ақ жаңа технологиялардың арқасында тез таралады", - деді сарапшы.

Шараның алғашқы күнінде бұдан өзге 6 авторлық шеберлік сабақтары жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу