2020 жылдың алғашқы алты айында компьютерлік бағдарламалау, консультациялық қызмет көлемі 153,5 млрд теңгеге жетті, былтырғы көрсеткіштен 38,9%-ға артық. Бұл туралы energyprom.kz басылымы хабарлады.
Осы саладағы қызмет көлемі осымен бес жыл қатарынан өсіп отыр. Олардың 90% Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі.
Бағдарламалық қамтамасыз ету қаражат бойынша бірінші орында. 2019 жылдың қаңтар және маусым айлары аралығындағы көрсеткііштен 17,5%-ға өсіп, 64,8 млрд теңге болды. Одан кейінгі орындарда консультациялық және практикалық қызметтер. Бұлар 4,7 есе өсіп, көлемі 34,4 млрд теңгеге дейін жетті.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу