АКРА Қазақстанның кредиттік рейтингін BBB+ деңгейінде растады

1002

АКРА Қазақстан Республикасы Үкіметінің шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін ВВВ + деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты", деп хабарлады inbusiness.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АКРА Қазақстанның кредиттік рейтингін BBB+ деңгейінде растады

"Тұрақты" болжам ең жоғары ықтималдық үлесімен 12-18 ай аралығында рейтингтің өзгермейтіндігін болжайды.

"АКРА жаңартылған есебіне сәйкес, бағалау тұрақтылығының факторлары а.ж. экономиканың жоғары өсу қарқыны, ұлттық экономикаға тікелей шетелдік инвестициялардың елеулі ағымы, мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, елеулі ұлттық резервтермен нығайтылған орнықты сыртқы ұстаным болды. АКРА 2021 жылы экономикалық өсудің 3,9%-ға дейін қалпына келуін күтуде. АКРА бағалауы бойынша, ел экономикасының өсу әлеуеті жоғары болып қалуда және жылына шамамен 4-4,5% құрайды. Сонымен қатар, тұрақтылық факторлары ретінде АКРА қоғамдық та, мемлекеттік те институттар сапасындағы оң динамиканы атап өтеді. Адами капиталды тұрақты арттыру ұзақ мерзімді оң әсер ететін тағы бір фактор болып табылады. Дүниежүзілік банк пен БҰҰ-ның соңғы бағалауларына сәйкес Қазақстанның адами капитал индексі Орталық Азия елдері бойынша орташа деңгейден асып түседі және санаты бойынша салыстырмалы елдер тобы рейтингінің шеңберінде неғұрлым жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады", – деп жазылған баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу