"Ақсай Жылу Қуатта" апат болды

1006

Өкініштісі, адам шығыны бар.  

"Ақсай Жылу Қуатта" апат болды

БҚО-да 4 тамыз күні "Ақсай Жылу Қуат" кәріз-тазартқыш ғимаратында болған апатқа байланысты тоқтаған суық су қайта берілді. Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ғимаратта метанның пайда болуы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылған. Жарылыс салдарынан ғимараттың кірпіштен  қаланған қабырғасы мен екінші қабаттағы терезе жақтаулары қираған.

Өкінішке қарай, төтенше жағдайдан болған жайды ести сала оқиға орнына келіп, ғимаратқа кіріп кеткен 59 жастағы учаске бастығы Александр Охотный қаза тапты. Денесін күйік шалған мекеменің 53 жастағы технологы жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазіргі күні апаттың орын алу жағдайы тексерілуде. "Қалалық әкімшілік ол жерді полиция жұмыс жасап жатқандықтан әзірге тазарта алмайды" деп хабарлады Ақсай қаласының әкімі Амангелді Тоғызбаев.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу