Батыс Қазақстанда мектеп жанында автобус өртеніп, жүргізуші жарақат алды

180

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында мектеп маңында тұрған автобус отқа оранып, жүргізуші жарақат алды. 

Батыс Қазақстанда мектеп жанында автобус өртеніп, жүргізуші жарақат алды Фото: тұрғындардан

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Бөрлі ауданы бойынша бөлім бастығы Талғат Темірғалиевтің айтуынша, 21 сәуір күні Аралтал шағынауданында ПАЗ маркалы автобус өртенген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Өрт туралы хабар сағат 17:25-те түсті. Тілсіз жау 17:40-та оқшауланып, 17:56-да толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр",  деді Т.Темірғалиев.

Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, автобус №8 орта мектеп сыртындағы тұрақта тұрған. Өрт капот астындағы электр сымдарының тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін. Абырой болғанда, оқиға кезінде автобуста оқушылар болмаған.

Автобус жүргізушісі оң қолынан жарақат алып, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның 1-дәрежелі күйік алғанын, денесінің 3 пайызын күйік шалғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу