АҚШ 2 наурызда Ресейге қарсы санкция жариялайды

1238

Бұған дейін Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады.

АҚШ 2 наурызда Ресейге қарсы санкция жариялайды

2 наурызда АҚШ билігі Алексей Навальныйдың төңірегіндегі жағдайға байланысты Ресейге санкция салуды көздеп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Шектеулер 1991 жылғы химиялық және биологиялық қаруды бақылау туралы заң мен екі атқарушы жарлыққа сәйкес енгізіледі. Әзірге санкцияның нақты кімге қарсы жарияланатыны белгісіз. CNN мәліметі бойынша, Вашингтон шектеулерді енгізу процесін Еуроодақпен бірлесе жүзеге асырады.

Бұған дейін Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады.Шектеу Навальдыйды тұтқындауға қатысы бар адамдарға салынады. Оларға адам құқығын бұзды деген айып тағылып отыр.

2 ақпанда Мәскеудің Симоновский соты Навальныйдың шартты мерзімін нақты мерзімге ауыстырды. Оппозиционер "Ив Роше" ісі бойынша айыпты болып шықты. Навальный шартты үкімнен кейін 60 мәрте қоғамдық тәртіпті бұзды деп танылды. Енді ол колонияда 2 жыл 8 ай жазасын өтейді.

Табиғат Нұрболат

Фото: today.uconn.edu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу