АҚШ 2014 жылдан бері Украинаға 4,6 млрд доллар бөлген

960

Вашингтон Киевке пандемияны еңсеру үшін 49 миллион доллардай берген.

АҚШ 2014 жылдан бері Украинаға 4,6 млрд доллар бөлген

Америка Құрама Штаттары 2014 жылдан бастап Украинаға 4,6 миллиард доллардан астам қаржы бөлді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"АҚШ 2014 жылдан бері Украинаға 4,6 миллиард доллардай қаражат шығындады. Оның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған көмек бар. Сонымен қатар тәуелсіз қарыз бойынша 1 млрд доллар көлемінде үш кепілдік бердік", – деп жазылған ведомство сайтында.

Вашингтон Киевке пандемияны еңсеру үшін 49 миллион доллардай берген.
АҚШ гуманитарлық агенттіктер арқылы соңғы жеті жылда Украинаның шығысы және Қырымда Ресейдің әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды қолдау үшін 306 миллион доллар шығындады. 

Еске сала кетсек, Қырым Ресейдің құрамына 2014 жылы енгеннен кейін, Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас ушығып кеткен еді. Украина, ЕО елдері және АҚШ түбектің материктік Ресейге қосылуын аннексия дей отырып, өткізілген референдумның нәтижесін мойындаудан бас тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: kyivpost.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу