АҚШ 2017 жылғы мұнай өндірісін тәулігіне 290 мың баррельге ұлғайтпақ

874

АҚШ 2017 жылғы мұнай өндірісін тәулігіне 290 мың баррельге ұлғайтпақ

Goldman Sachs сарапшылары Sachs Хуань Вэй мен Дамьен Курвален ағымдағы жылы АҚШ-тағы мұнай өндірісінің қарқынына оң баға берді. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, 2017 жылы АҚШ-тың мұнай өндірісі орташа есеппен тәулігіне 290 мың баррельге өспек.

Егер бұрғылау қарқыны өзгермесе, 2017 жылдың IV тоқсанында Пермск бассейні, Игл-Форд және Баккенд, сонымен қатар Ниобрарда кен орындарының өндірісі 2016 жылдың  IV тоқсанымен салыстырғанда 775 мың б/т-ге ұлғаймақ, дейді сарапшылар.

Мамыр айының басына дейінгі кезеңдегі өсімді бақылаған Инвестбанктың көрсеткішіне сүйенсек, осы кен орындарының өсімі тәулігіне 765 мың баррельді құраған.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, 2017 жылдың алғашқы жартысында скважиндерді қайта жаңартылса, онда АҚШ-тың  мұнай өндірісі жыл соңына дейін тәулігіне 400 мыңбаррельге өседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу