АҚШ 2022 жылы Украинаға әскери көмекке 275 млн доллар бөлуі мүмкін

880

Биыл 250 млн доллар құйылды. 

АҚШ 2022 жылы Украинаға әскери көмекке 275 млн доллар бөлуі мүмкін

АҚШ 1 қазанда басталатын келесі қаржы жылында Украинаға әскери көмек ретінде 275 миллион доллар бөлуі мүмкін. Бұл 2020 жылы бөлінген қаражаттан 25 миллионға көп, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл бастама туралы АҚШ-тың өкілдер палатасының қарулы күштер комитетінің төрағасы Адам Смит дайындаған америкалық қорғаныс бюджетінің жобасында жазылған. 

Қорғаныс бюджеті аясында биыл Киевке 250 миллион доллар берілді (2019 жылы 300 миллион бөлінген еді). Сонымен қатар америкалық заң шығарушылар Балтық елдеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 175 миллион доллар шығындауды ұсынып отыр. 

Смиттің комитеті осы аптада бюджет жобасын қарастырады. Мақұлдағаннан кейін құжатты өкілдер палатасы талқылайды. Сенаттың қарулы күштер жөніндегі комитеті шілде айының соңында Украинаға 300 миллион доллардай қаржылай көмек көрсетуді ұсынған еді. 

Екі палата келісілген құжатқа дауыс бергеннен кейін,оған Байден қол қоюы тиіс.Бүкіл процесс әдетте қыс басталғанға дейін созылады.

Табиғат Нұрболат

Фото: iuvmpress.news

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу