АҚШ 2024 жылы НАТО саммитін қабылдайды

462

АҚШ 2024 жылы НАТО саммитін қабылдайды. Бұл туралы Варшавада сөйлеген сөзінде американдық көшбасшы Джо Байден мәлімдеді.  

АҚШ 2024 жылы НАТО саммитін қабылдайды Фото: Gettyimages.ru

Бұған дейінгі НАТО Саммиті 2022 жылы Мадридте өтті

"Келесі жылы мен НАТО-ның барлық мүшелерін АҚШ саммитіне қабылдаймын. Біз бірге әлем тарихындағы ең мықты қорғаныс одағының 75 жылдығын атап өтеміз", - деді саясаткер.

Ол өз сөзінде Ресей президенті Владимир Путиннің НАТО-ның бөлінетініне сенгенін, алайда альянстың одан да біртұтас бола түскенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ақ үй басшысы АҚШ пен одақтастар бірігіп, Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне жауап бере алғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу