АҚШ 240 мың украиналықтың елден шығарылмайтынын хабарлады

161

Кэролайн Ливитт бұл ақпаратты фейк деп атады. 

АҚШ 240 мың украиналықтың елден шығарылмайтынын хабарлады Фото: canva.com

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт бейсенбі күні Reuters агенттігінде шыққан "Трамп әкімшілігі 240 мыңға жуық украиналықты босқын мәртебесінен айыруы мүмкін" деген  ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Кэролайн Ливитт бұл ақпарат өтірік екенін мәлімдеді.

"Бұл Reuters агенттігі жариялаған өтірік жаңалықтың бірі.  Ақпарат анонимді дереккөздерге негізделген. Бір анығы, мұндай шешім әлі қабылданған жоқ", - деп жазды Ливитт X желісінде.

Осыған дейін Reuters агенттігі ақпарат көздеріне сілтеме жасап,  Дональд Трамптың әкімшілігі 2025 жылдың сәуірінен бастап украиналық босқындардың уақытша мәртебесін жоюды жоспарлап отырғанын жазды. Материалда бұл қадамның украиналықтарды депортациялауға әкелетіні айтылған.

Агенттіктің жазуынша, бұл Ақ үйдің 1,8 миллионнан астам мигранттың заңды мәртебесін жоюға бағытталған стратегиясының бір бөлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу