Американың 28 штатында қарлы боран болады

511

Ауа-райына байланысты кеңселер мен мектептер уақытша жабылды.  

Американың 28 штатында қарлы боран болады Фото: interfax.ru

22 ақпанда Америка Құрама Штаттарында ауа райы күрт нашарлайды. Ұлттық ауа райы қызметі 28 штатта қарлы боран болатынын болжайды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфаксқа"сілтеме жасай отырып.

АҚШ-тың батысы мен солтүстігінде орналасқан көптеген аудандарда қалың қар жауып, желдің екпіні артып, ауа-райының күрт өзгеруі осы аптаның соңында 60 миллионнан астам адамға әсер етеді деп күтілуде.

Бірқатар штаттар, атап айтқанда Солтүстік пен Оңтүстік Дакотада, Миннесота мен Висконсинде сәрсенбіде мектептердегі сабақтар тоқтатылып, кеңселер жабылды. Тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес берілді.

Сейсенбі күні кешке Калифорнияда желдің екпіні мен төмен температураны сезілді, ондаған мың адам электр желілерінің құлауына байланысты жарықсыз қалды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, желдің екпіні сағатына 50 шақырымға жетуі мүмкін. Ал кейбір аудандардағы ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу