Соңғы 100 күн ішінде АҚШ 330 миллиард доллар тұратын ресейлік активтерді бұғаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің Қаржы министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Санкцияға ұшыраған ресейліктердің 30 миллиард доллардай активтеріне шектеу салынды. Сондай-ақ РФ Орталық банкінің 300 миллиард долларлық активіне қарсы осындай шара қабылданды. Қаржы министрлігі санкцияларға ұшыраған ресейлік активтерді іздестіруін жалғастыратынын мәлім етті.
"Ресейлік элиталар, сенімді тұлғалар және олигархтар" деп аталатын жұмыс тобына Австралия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония және Еуропалық комиссияның өкілдері кіреді.
Наурыз айында Ресей Қаржы министрі Антон Силуанов Ресей Банкінің алтын-валюта резервтерінің жартысына жуығы санкцияларға байланысты бұғатталғанын мәлім етті.
"Резервтердің жалпы көлемі шамамен 640 миллиард доллар, бірақ оның 300 миллиард доллар қолдана алмай отырмыз", – деді министр.
Табиғат Нұрболат