АҚШ 6 жылдан кейін ЮНЕСКО-ға қайта оралмақ

415

Axios: АҚШ ЮНЕСКО-ны ұйымға қайта кіру шешімі туралы хабардар етті.

АҚШ 6 жылдан кейін ЮНЕСКО-ға қайта оралмақ Фото: XS.UZ

Вашингтон БҰҰ-ның мүшелік жарналарға қатысты мәдени агенттік алдындағы қарызын өтеуге және оның қатарына қайта қосылуға шешім қабылдады, деп жазады Inbusiness.kz. АҚШ 2017 жылы ЮНЕСКО-дан шықты. 

Өткен аптада АҚШ ЮНЕСКО-ға (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі мекемесі) алты жылдан кейін қайта ұйымға кіру туралы шешім қабылдағанын хабарлады, деп жазады Axios порталы Мемлекеттік департамент өкіліне сілтеме жасап.

8 маусымда АҚШ Мемлекеттік хатшысының басқару және ресурстар жөніндегі орынбасары Ричард Верма ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азулаға хат жолдады, онда Вашингтон БҰҰ-ның мәдени агенттігінің қатарына кіру жоспарын, соның ішінде Америка Құрама Штаттарының ұйымға алдындағы қарыздарын төлеу кестесін белгіледі. Дүйсенбі, 12 маусымда Вашингтонның шешімі туралы хабарлау үшін елшілердің кезектен тыс кездесуін өткізу жоспарлануда, деп жазады портал. 

Өткен Желтоқсанда Америка конгресі елдің ЮНЕСКО алдындағы қарызын төлеуге 500 миллион доллардан астам қаражат бөлуді көздейтін заң жобасын мақұлдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу