АҚШ әскери базасының офицері Пентагон құпия құжаттарын таратты деген күдікпен қамауға алынды

515

Оны тұтқындауға броньды машинамен келген бірнеше құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты

АҚШ әскери базасының офицері Пентагон құпия құжаттарын таратты деген күдікпен қамауға алынды Фото: Vesti

АҚШ Бас прокуроры Меррик Гарленд Пентагонның құпия құжаттарының таралып кетуіне қатысы бар деген күдікпен Массачусетс штатындағы АҚШ Ұлттық гвардиясының 102-ші әуе күштерінің барлау бөлімінің 21 жастағы қызметкері Джек Тейшейра қамауға алынғанын растады, деп жазады inbusiness.kz BBC арнасына сілтеме жасап.

"Бүгін түстен кейін ФБР агенттері Тейшейраны еш кедергісіз тұтқындады",-деді Гарленд. Оның айтуынша, Тейшейра қорғаныс саласындағы құпия ақпаратты "рұқсатсыз алып, иелену мен тарату" бойынша күдікті. Бұған дейін Пентагонның ресми өкілі генерал Пэт Райдер баспасөз мәслихатында ақпараттың таралып кетуі "қасақана қылмыстық құқық бұзушылық" деп мәлімдеді.

Тұтқындауға броньды машинамен келген бірнеше құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Күдікті қолын жоғары көтеріп, қарсылықсыз берілді.

Бұған дейін америкалық БАҚ Пентагонның Украинадағы соғыс пен басқа да халықаралық істер туралы көптеген құжаттарының таралып кетуін зерттейтін тергеулер жариялаған болатын. Сәрсенбі күні кешке Washington Post әскери базаның жас қызметкері құпия файлдарды достарымен онлайн ойын чатында бөліскенін хабарлады. Ал бейсенбіде New York Times оның журналистері бұл адамның аты мен лауазымын таба алғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу