АҚШ әскері шығарылғаннан кейін, Ауғанстанның ЖІӨ 9,7%-ға қысқарады

786

Егер Ауғанстан шетелдік инвестициялар тарта алса, 2023-2030 жылдар аралығында оның ЖІӨ 2,2%-ғы өсуі мүмкін.

АҚШ әскері шығарылғаннан кейін, Ауғанстанның ЖІӨ 9,7%-ға қысқарады

АҚШ қарулы күштері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін, бұл елдің ЖІӨ-і 9,7%-ға төмендейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Fitch Solutions компаниясының болжамына сілтеме жасап. 

"Америкалық әскери қызметшілердің шығарылуы және тәліптердің елді басып алуы қысқа мерзімді кезеңде экономикалық проблемаларға әкеліп соғуы мүмкін", – деп жазылған компания болжамында.

Бұған дейін сарапшылар Ауғанстан экономикасы биыл 0,4%-ға артады деп топшылаған еді.

Экономистердің пікірінше, келесі жылы елдің ЖІӨ 5,2%-ға қысқаруы мүмкін. Ал 2023 жылдан бастап бұл көрсеткіш жылына орташа есеппен 1,2%-ға артуы ықтимал. Егер Ауғанстан шетелдік инвестициялар тарта алса, 2023-2030 жылдар аралығында оның ЖІӨ 2,2%-ға өседі деген пікірде сарапшылар. 

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу