АҚШ әскерилері Ауғанстаннан мың америкалықты көшірді

760

Жалпы, 3,2 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 

АҚШ әскерилері Ауғанстаннан мың америкалықты көшірді

АҚШ әскери күштері 17 тамызда Ауғанстаннан мыңнан астам америкалық пен олардың отбасыларын эвакуациялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"Мұндай қарқынмен біз бұдан да көп америкалықты көшіріп әкетеміз", – деді Ақ үй шенеунігі.

Agence France-Presse дерегінше, осы уақытқа дейін АҚШ әскери күштері Ауғанстаннан 3,2 мыңнан астам адамды эвакуациялаған.

Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан президент Джо Байденнің Ауғанстандағы жағдайға толық жауапты екенін айтқан болатын. Ол мемлекет басшысы америкалық әкімшіліктің осы мәселеге қатысты қабылдаған  әр шешім үшін жауап беруге дайын екенін атап өтті.

 "Талибан" 15 тамызда Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатты. Қозғалыстың ресми өкілі Мохаммад Наимның айтуынша, жақын арада Ауғанстанда биліктің жаңа түрі мен басқару формасы анықталады, тәліптер оқшауланып өмір сүргісі келмейді, халықаралық қатынастарды бейбіт жолмен құруға ниетті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу