АҚШ әскерилері есірткі таситын 5 кемеге соққы жасап, 8 адам қаза болды

389

Бұл туралы NBC News хабарлады.  

АҚШ әскерилері есірткі таситын 5 кемеге соққы жасап, 8 адам қаза болды Фото: aljazeera.com

АҚШ әскери күштері есірткі тасымалымен айналысатын тағы бес кемеге шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сегіз адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

30 желтоқсанда АҚШ әскери күштері есірткі тасымалымен айналысатын деп шамаланған үш кемеге соққы жасап, салдарынан 3 адам қаза тапты.

Ал, 31 желтоқсанда тағы екі кемеге шабуыл жасалып, бір кемеде үш адам, екінші кемеде 2 адам опат болды. АҚШ қарулы күштерінің қолбасшылығы оларды "есірткі лаңкестері" деп атады.

– Кемелер есірткі тасымалының белгілі жолдарымен жүріп, есірткі саудасымен айналысқан, – делінген АҚШ Оңтүстік қолбасшылығының әлеуметтік желілердегі жазбасында.

Соққылардың нақты қай жерде жасалғаны, сондай-ақ шабуылдарға дейін кеме борттарында болған адамдардың нақты саны туралы дерек айтылмады. Мәлімдемеде сондай-ақ шабуылдардан кейін АҚШ жағалау күзетіне іздеу-құтқару операцияларын бастау қажеттілігі туралы ескертілгені хабарланды.

2025 жылдың қыркүйегінен бастап АҚШ Кариб теңізі мен Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген кем дегенде 35 кемеге соққы берді, салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу