АҚШ әскерилері "қиын кезеңге" дайындалып жатыр

932

Нью-Йоркте індет өршіп барады. Халық қауіпсіздігін сақтау үшін күні-түні көше күзеткен 512 полицейден вирус анықталған.

АҚШ әскерилері "қиын кезеңге" дайындалып жатыр

Жаман айтпай жақсы жоқ. АҚШ-тың Қарулы күштері де "қиын кезеңге" дайындалып жатыр. Қауіпсіздікке ерекше мән берген америкалықтар біраз әскерилерді бункерге жіберген. Тағы бір жасағы ядролық қауіптен қорғану үшін арнайы салынған кешендерге кетті, деп хабарлайды Atameken Business. 

Нью-Йоркте індет өршіп барады. Халық қауіпсіздігін сақтау үшін күні-түні көше күзеткен 512 полицейден вирус анықталған. Осыдан кейін әскерилер сақтықты күшейтіп, сарбаздардың  қауіпсіздігіне баса назар аударды. Бұл туралы АҚШ-тың Солтүстік тобының жетекшісі, генерал Терренс О'Шонгнесси "Рейтерс" агенттігіне берген сұхбатында айтқан. Бірақ ол құпия болғандықтан, қанша әскеридің қауіпсіз мекенге жіберілгені туралы тіс жармады.

Фото авторы: news.liga.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу