АҚШ әуе компаниялары қызметкерлерін жұмысқа қайтармақшы

598

Індет кесірінен жалақысыз қалған 32 мың адам қызметіне кіріседі.

АҚШ әуе компаниялары қызметкерлерін жұмысқа қайтармақшы

Құрама Штаттардың United Airlines және American Airlines әуе компаниялары пандемия кесірінен төленбейтін демалысқа жіберілген мыңдаған қызметкерін жұмысқа қайтармақшы. АҚШ Конгресі экономиканы ынталандыру үшін қомақты қаражат бөледі деген ақпараттан кейін компаниялар осындай шешім қабылдаған. 
"Бұл экономика, әуе саласы және компаниялар үшін жақсы жаңалық. Ал індет кесірінен жалақысыз қалғандар тіпті қуанатын болды", – деді United Airlines бас директоры Скотт Керби.

Жалпы, 32 мың адам жұмысқа оралады. Конгресс мақұлдаған бюджет олардың жалақысын төлеуге 31 наурызға дейін жетеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сенат экономиканы ынталандыру үшін $900 млрд шығындау туралы құжатқа қол қойған еді. Шағын бизнеске $300 млрд, әуе компаниясы саласына $15млрд бөлінеді. Қазіргі президент Дональд Трамп болса, өкілдер палатасы мен Сенат мақұлдаған бұл құжатқа қол қоймайтынын мәлім етті. Ол заң шығарушылардан жеке тұлғалар мен шағын бизнеске үлестірілетін қаражат көлемін арттыруды талап етіп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: time.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу