АҚШ әуе күштері Маск құрған ұйымның арқасында 10 млрд доллар үнемдеген

Жарты жылда қорғаныс келісімшарттары қайта қаралды. 

АҚШ әуе күштері Маск құрған ұйымның арқасында 10 млрд доллар үнемдеген Фото: dzen.ru

АҚШ-тың Қорғаныс министрі Пит Хегсеттің сөзінше, елдің Әскери-әуе күштері DOGE мамандарының көмегімен мақсатсыз шығындарды 10 млрд долларға қысқартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялаған бейнеүндеуінде айтты.

"Министр Трой Мейнк пен DOGE тобы бірлесіп, 10 миллиард доллар үнемдегенін қуана хабарлаймын", – деді Пит Хегсет.

Соңғы алты айда 50 жоба мен 500-ден астам қорғаныс келісімшарты қайта қаралған.

Бұған дейін DOGE қызметін Илон Маск қадағалады. Мамыр айының соңында миллиардер мемлекеттік қызметтен кететінін айтты. Кейін Маск пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында түсініспеушілік пайда болды. Илон Маск Трамптың экономикалық саясатын сынға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу