АҚШ-тың Сиэтл қаласында Токиодан келген Japan Airlines ұшағы Delta әуе компаниясының Boeing 737 ұшағына соққан, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Америкалық әуе компаниясының өкілі Саманта Мур Фактоның сөзінше, Delta рейсінің бортында 142 жолаушы болған. Оларды дер кезінде басқа ұшаққа ауыстырылған. Жолаушылар мен экипаж мүшелері ешқандай жарақат алмаған.
Вашингтон штатындағы әуежай Сиэтл мен Такома қалаларының арасында орналасқан. Ол Тынық мұхитының Солтүстік-Батыс аймағындағы ең ірі әуежай саналады.
АҚШ-тың Федералды азаматтық авиация басқармасының (FAA) мәліметінше, ұшақтар әуе диспетчерлік қызметі бақылай алмайтын аймақта болған.
Оқыс оқиғаға байланысты FAA әуежайдағы кейбір рейстің орындалуын уақытша тоқтатты.
Delta Air Lines әуекомпаниясы оқиғаға түсініктеме беріп, басқа ұшақтың қанаты артқы бөлігіне тигенін хабарлады. Яғни, Japan Airlines ұшағы Delta лайнерінің құйрығына оң қанатымен соғылған.
– Экипаж мүшелері мен жолаушылар арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, – деді әуекомпания хабарламасында.
АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) оқиғадан кейін тергеу басталғанын жаздв.