АҚШ Ауғанстан мәселесін Пәкістан және Өзбекстанмен талқылайды

1055

АҚШ пен НАТО елдері ауған аумағынан өз әскерлерін ресми түрде шығара бастағаннан кейін, Ауғанстандағы жағдай ушығып кетті.

АҚШ Ауғанстан мәселесін Пәкістан және Өзбекстанмен талқылайды Фото: reuters.com

АҚШ, Өзбекстан, Пәкістан және Ауғанстан елдері бірлесе Ауғанстандағы жағдайды талқылау үшін жаңа төртжақты формат құру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжановтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Мәлімдемеде Ауғанстандағы бейбітшілік процесін және жанжалдан кейінгі жағдайды реттеуді қолдау үшін төртжақты форматты (АҚШ, Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан) жариялау туралы айтылған", – деді дипломат.

Кабулжанов талқылауға арналған жаңа алаң өңірлік байланысты нығайтуға және бейбітшілікті барынша орнатуға көмектесетінін айтты. Ол сондай-ақ халықаралық сауда бағыттарының дамуын да атап өтті.

Еске сала кетсек, Ауғанстандағы жағдай 1 мамырда АҚШ пен НАТО елдері ауған аумағынан өз әскерлерін ресми түрде шығара бастағаннан кейін ушығып кетті. 8 шілдеде АҚШ президенті Джо Байден америкалық әскер 31 тамызда Ауғанстаннан түбегейлі кететінін хабарлады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу