АҚШ Ауғанстандағы барлық дипломатын эвакуацияламақ

828

Тәліптер Кабулды шамамен үш айдың ішінде бақылауына алуы мүмкін. 

АҚШ Ауғанстандағы барлық дипломатын эвакуацияламақ

АҚШ Кабулдағы елшілігінің барлық қызметкерлерін эвакуациялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Politico газетіне сілтеме жасап. Ресми Вашингтон елшілікті тамыз айының соңына дейін жабуы мүмкін. Тағы бір дерек бойынша, дипломатиялық миссия қызметкерлерінің бір бөлігі Ауғанстанда қалуы ықтимал. 
Бұған дейін Құрама Штаттар елдегі ахуалдың ушығуына алаңдаушылығын білдірген еді. 

Америкалық президент Джо Байден болса, АҚШ-тың әскери контингентін Ауғанстан аумағынан шығару туралы шешіміне өкінбейтінін айтқан болатын. Ол республика билігін бірігуге үндеп, үкіметтік қарулы күштерінің саны тәліптердікінен көп екенін мәлім етті.Америкалық әскери ведомствоның болжамынша, тәліптер Кабулды шамамен үш айдың ішінде бақылауына алуы мүмкін. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу