АҚШ Ауғанстанға БҰҰ-ның үш құрылымы арқылы 150 миллион доллар бөлді. Бұл туралы Ақ Үйдің арнайы өкілі Томас Уэст хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.
“Біз (...) Ауғанстандағы экономикалық дағдарысты еңсеру жолында жұмыс істеп келеміз. (...) 150 миллион доллар азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешуге, ауған балаларын мектепте қалдыруға, әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеспек", - деді Томас Уэст.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу