АҚШ Ауғанстанға тағы 1,5 мың сарбазын жібереді. Бұл туралы Құрама Штаттардың жаяу әскері өкіліне сілтеме жасап Daily Beast басылымы хабарлады.
Жауынгерлер Вашингтонның Ауғанстандағы лаңкестікке қарсы "Бостандық қорғаушысы" операциясы аясында аттанады. Әскери құрам ауған жеріне биыл жазда жөнелтілмек. Бірақ Пентагон мәселеге қатысты әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетейік, қазір ауған жерінде 8 мың төрт жүз америкалық сарбаз бар. Олар жергілікті қауіпсіздік күштерін дайындап, лаңкестермен күресте ауған жасақтарына көмектеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу