АҚШ Ауғанстанға "Талибан" арқылы гуманитарлық көмек жіберуден бас тартты

861

Бұған дейін Еуропалық Одақ Ауғанстан мен оған көршілес елдерге көмек ретінде шамамен 1 миллиард еуро бөлу туралы шешім қабылдаған еді.

АҚШ Ауғанстанға "Талибан" арқылы гуманитарлық көмек жіберуден бас тартты Фото: reuters.com

АҚШ Ауғанстанға гуманитарлық көмекті тәліптер арқылы жіберуден бас тартты, бірақ халықаралық ұйымдар арқылы көмек көрсетуін жалғастырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливанның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Вашингтон елдің қазіргі басшылығымен жұмыс істеуге дайын емес. Өйткені Ақ үй радикалды топтың саясатында өзгеріс жоқ деген пікірде. 

"Олар инклюзивті үкімет құрып, басқа да талаптарды орындамайынша, біз гуманитарлық көмекті халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар арқылы бағыттайтын боламыз", – деді Салливан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Еуропалық Одақ Ауғанстан мен оған көршілес елдерге көмек ретінде шамамен 1 миллиард еуро бөлу туралы шешім қабылдаған еді. Бұл туралы 12 қазанда G20 елдерінің Ауғанстан мәселесіне қатысты саммиті алдында Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен хабарлаған еді. Оның 300 млн еуросы коронавирус дертіне қарсы вакциналау процесі мен адам құқығын қорғауға, 200 млн еуросы денсаулық сақтау саласына жұмсалады.

Табиғат  Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу