АҚШ Ауғанстаннан әскерінің бір бөлігін шығарады

717

Бұған дейін АҚШ президентінің Ауғанстан бойынша ресми өкілі Залмай Халилзад тәліптермен бейбіт мәмілеге келгенін айтқан еді. 

АҚШ Ауғанстаннан әскерінің бір бөлігін шығарады

АҚШ Ауғанстандағы әскерінің бір бөлігін осы ақпан айынан бастап сәуірдің соңына дейін шығарады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін АҚШ президентінің Ауғанстан бойынша ресми өкілі Залмай Халилзад тәліптермен бейбіт мәмілеге келгенін айтқан еді. Бұл 20 жылға созылған күрмеуі қиын мәселеге нүкте қою жолында жасалған алғашқы қадам болды.

Айта кетейік, "Талибан" қозғалысы 1994 жылы азаматтық соғыс қызған шақта құрылды. 1996-2001 жылдары Ауғанстандағы билік тәліптердің қолында болды. 2001 жылы билік құлаған соң үкіметтік әскер және НАТО күштеріне қарсы әрекет ете бастады. Бүгінде радикалдар мен үкімет ортақ мәмілеге келудің жолын іздестіріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу