АҚШ ауқымды санкциялар салса, Ресей онымен қарым-қатынасты үзеді

2117

24 желтоқсанда АҚШ вице-президенті Камала Харрис Украина шекарасындағы жағдайға байланысты санкциялар жарияланатынын хабарлаған еді.

АҚШ ауқымды санкциялар салса, Ресей онымен қарым-қатынасты үзеді

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путин мен Ақ үй басшысы Джо Байденнің телефон арқылы не жайында сөйлескенін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Диалог барысында қос державаның көшбасшалары бірқатар мәселені, соның ішінде Украинадағы жағдайды және Ресей мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың бұзылу қаупін талқылаған.

Әңгіме барысында Байден ресейлік әріптесі Украина шекарасындағы жағдайды реттемесе,  Батыс елдері бұрын-соңды болмаған экономикалық және әскери санкциялар салатынын ескертті. Ушаковтың айтуынша, Құрама Штаттар Ресейге қарсы шектеулерді енгізсе, Путин Вашингтонмен арадағы қарым-қатынасты үзетінін мәлімдеген.

24 желтоқсанда АҚШ вице-президенті Камала Харрис Украина шекарасындағы жағдайға байланысты санкциялар салынатынын хабарлаған еді. 

Путин мен Байденнің келесі келіссөздері нақты қашан өтетіні белгісіз. Олар 2022 жылдың қаңтарында қайтадан талқылау өткізуі мүмкін. Ушаковтың сөзінше,  9-10 қаңтарға белгіленген Женевадағы отырыстан кейін президенттердің талқылауларды қашан жүргізетіні белгілі болады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу