АҚШ Аустралиядағы әскерилерінің санын көбейтеді

639

Олар бұған дейін Ұлыбританияның қатысуымен AUKUS үштік қорғаныс блогын құрған болатын.

АҚШ Аустралиядағы әскерилерінің санын көбейтеді

АҚШ Аустралиядағы әскерилерінің санын көбейтеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz қос мемлекеттің бірлескен мәлімдемесіне сілтеме жасап. Бұл процесс авиацияның ротациялық негізде орналастырылуы, құрлықтық жаттығуларды жандандыру арқылы жүзеге асырылады.  

Құжат осы аптаның басында екі елдің әскери және дипломатиялық ведомство басшыларының Вашингтондағы консультацияларынан кейін жарияланды. Олар бұған дейін Ұлыбританияның қатысуымен AUKUS үштік қорғаныс блогын құрған болатын.

"Хатшылар мен министрлер АҚШ-Аустралия әскери күштерін орналастыру саласындағы ынтымақтастықты айтарлықтай дамытуға дайын", – деп жазылған хабарламада.

Қос тарап бұл міндетті Аустралияда АҚШ-тың барлық типтегі ұшақтарын ротациялық негізде орналастыу, америкалық жер үсті және су асты кемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қатысты инфрақұрылымды дамыту, жер үсті әскери күштерінің жан-жақты және интеграцияланған жаттығуларын өткізу арқылы орындамақ.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу