АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы ауыл шаруашылығы жылында (2023 жылғы шілде – 2024 жылғы маусым айлары) Қазақстанда бидай өндіру болжамын 12 миллион тонна деңгейінде сақтап қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
Бидай экспорты бойынша болжам желтоқсан айындағыдай 10 млн тонна деңгейінде, ал импорт бойынша 2 млн тонна деңгейінде қалды.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, ауыспалы астық қоры бір ай бұрынғыдай 1,32 миллионға дейін бағаланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу