АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы бидай өндірісіне байланысты болжамын 11,45 млн тоннаға төмендетті

2445

Импорт бойынша болжам 16,7%-ға өсті.  

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы бидай өндірісіне байланысты болжамын 11,45 млн тоннаға төмендетті

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы бидай өндірісіне байланысты биылғы жылғы (2019 жылдың шілдесі мен 2020 жылдың маусымы) болжамын 11,5 млн тоннадан 11,45 млн тоннаға төмендетті, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан. 

Ал бидай экспорты бойынша жасалған болжам сол қалпы 6 млн тонна көрсеткішінде қалды. Бұл ретте импорт 300 мың тоннадан 350 мың тоннаға (16,7%-ға) артады деп күтілуде. 

Ал 2020 жылдың 1 шілдесінде қалатын бидай қоры 1,08 млн тоннадан 1,09 млн тоннаға өзгерді. 

Бұған дейін еліміздің ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров 2019 жылы жалпы жиналған егіннің таза салмағы 17,4 млн тонна болғанын хабарлаған. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 14,3%-ға төмен. 

Ал ауыл шаруашылығы министрі 2019 жылы  17 млн тонна астық жиналады деген болжам жасаған еді. Сондай-ақ экспорт көлемі 6-7 млн тонна шамасында болады деп күтілген. 

Айта кетерлігі 2018 жылы астықтың бункерлік салмағы  22,8 млн тонна, ал таза салмағы 20,3 млн тонна болған. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу