АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық бидай өндірісінің болжамын 13 млн тоннаға дейін төмендетті

471

Бұл 2023-2024 ауыл шаруашылығы жылына арналған көрсеткіш.  

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық бидай өндірісінің болжамын 13 млн тоннаға дейін төмендетті Фото: inbusiness.kz

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі (2023 жылдың шілдесі – 2024 жылдың маусымы) қазіргі ауыл шаруашылығы жылында Қазақстанда бидай өндіру бойынша болжамын 13 млн тоннаға дейін қысқартты, деп жазылған ведомствоның қазан айындағы шолуында. 

Қыркүйек айында ведомство Қазақстанда бидай өндірісін 15 млн тонна деп болжаған.
Бидай экспорты бойынша болжам 10 млн тоннаға дейін (қыркүйекте – 10,5 млн тонна), импорт бойынша – 2 млн тоннаға дейін (қыркүйекте – 2,5 млн тонна) төмендеді.

2024 жылғы 1 шілдедегі астықтың тасымалдау қоры қыркүйектегі 2,6 млн тоннаға қарсы 1,5 млн тоннаға бағаланады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазақстандық диқандар 16 млн тоннаға жуық астық жинауды жоспарлап отыр.

2022 жылдың соңында 22 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары бастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу