АҚШ азаматтары асырап алған 32 қазақ баласы елордаға келді

949

АҚШ азаматтары қазақстандық 6 мыңға жуық баланы асырап алған. Еуропа елдерінде 3 мыңға тарта балғын бар. 

АҚШ азаматтары асырап алған 32 қазақ баласы елордаға келді

АҚШ азаматтары асырап алған 32 қазақ баласы елордаға келді. Енді олар 10 күн бойы кіндік қаны тамған жерді аралап, әрі ата-тегі туралы біліп, қазақтың салт-дәстүрімен таныса алады, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кетсек, АҚШ азаматтары қазақстандық 6 мыңға жуық баланы асырап алған. Еуропа елдерінде 3 мыңға тарта балғын бар. Кейбірі тарихи отандарына келіп, көріп қайтқан.

Бұл сапар Ties Program атты бағдарлама аясында жүзеге асып отыр.

"Олардың қазақ екенін ұмыттырмау үшін, осындай шаралар ұйымдастырамыз. Бәлкім, келешекте бұл балалар екі мемлекеттің арасын жақындастыруға өз үлестерін қосуы мүмкін",– дейді ҚР СІМ консулдық қызмет директорының орынбасары Сәкен Хамидуллин.

Ал елімізде жалпы ата-ана қамқорлығынсыз қалған 26 мың бала бар. Оның 5 мыңы балалар үйінің тәрбиесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу