АҚШ азаматтары Израильден эвакуацияланып жатыр

116

Бұл туралы Түркияның "Анадолы" агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

АҚШ азаматтары Израильден эвакуацияланып жатыр Фото: point.md

АҚШ Израильден кеткісі келетін азаматтарын эвакуациялау үшін арнайы рейстер мен круиздік кемелер дайындап жатыр. 

АҚШ-тың Израильдегі елшісі Майк Хакаби X әлеуметтік желісінде Иранның зымыран шабуылдарына байланысты америкалықтарды елден шығару жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, эвакуацияға тіркелу рәсімдері жүргізіліп жатыр.

Israel Hayom басылымының жазуынша, Иранмен шиеленіс күшейгелі бері алғаш рет шетелдік азаматтар мен дипломаттарға Израильден кетуге рұқсат берілген. Ұшу 2025 жылғы 20 маусым, жұма күні жоспарланып отыр.

Алайда Израиль азаматтары елден тек ерекше жағдайлар жөніндегі комитеттің рұқсатымен ғана шыға алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу