АҚШ азаматтары Корея территориясынан шығуы тиіс

570

 АҚШ азаматтары  Корея территориясынан шығуы тиіс

Солтүстік Корея территориясында жүрген АҚШ азаматтары түгелдей 1 қыркүйекке дейін осы елді тастап шығуы тиіс. Бұл туралы мәлімдемені АҚШ мемлекеттік департаменті таратты, деп хабарлайды aikyn.kz.

Мұның себебін мемлекеттік департамент қазіргі қалыптасып отырған жайдайға байланысты түсіндіріп отыр. Бұл қадамның барлығы да азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқаны айқын.  Оның үстіне екі ел арасындағы жағдай  "қырғи қабақ" соғыс деңгейінде тұр.

Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан мәлімдемеге сенсек, америкалықтардың төлқұжаты Солтүстік Корея аумағында немесе сол ел арқылы өткенде заңды болып саналмайды. Демек, бір жыл бойы америкалықтар Солтүстік Кореяға аттап баспауы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу