АҚШ бағаны жасанды түсірумен күресу үшін баж салығын енгізуді көздеп отыр

877

АҚШ бағаны жасанды түсірумен күресу үшін баж салығын енгізуді көздеп отыр

Америкалық билік қазақстандық кремний жеткізушілер өз үкіметінен субсидия алады деп есептейді. Бұл жеңілдіктер баж салығы есебімен өтелуі тиіс, деп мәлім етті АҚШ сауда министрлігі. Бұл туралы  sputniknews.kz. хабарлайды.

"АҚШ сауда құқығын орындау Трамп әкімшілігінің басымдық бағыты болып табылады. 8 тамызға дейін 64 антидемпингтік тергеу жүргізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға жоғары", — деп мәлім етті АҚШ сауда министрі Уилбур Росс. 

Осылайша, АҚШ жосықсыз бәсекелестікпен, атап айтқанда демпингпен – сыртқы нарықтарды игеру мақсатында тауарларға бағаны жасанды түсірумен күресу мақсатында баж салығын енгізуді көздеп отыр. 

АҚШ сауда министрілігінің сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, қазақстандық компания Tau-Ken Temir және "KazSilicon" металлургиялық комбинаты өздерін тәуелсіз көздердің қолдайтынын көрсеткен. Қазіргі уақытта АҚШ билігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. 

Алдын ала деректерге сәйкес, АҚШ 120% мөлшерінде баж салығын енгізуі мүмкін. Тексерудің ақырғы нәтижелері 19 желтоқсанда жарияланатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу