АҚШ Бахрейнге әскери зымырандар сатпақ

782

АҚШ Бахрейнге әскери зымырандар сатпақ

АҚШ пен Бахрейн 1 миллиард доллар көлеміндегі жауынгерлік тікұшақтар мен зымыран сату туралы өзара келісімге келмек, деп хабарлайды kazislam.kz.

Бұл туралы хабарламаны АҚШ конгресіне Пентагон жіберген. Онда Бахрейн АҚШ тарапынан 12 AH-1Z тiкұшақтарын, 14 AGM-114, 56 IIW басқарылатын зымырандар, радарлар, байланыс жүйелерi және логистикалық қолдау көрсетуді сұраған.

Құжатта "мәміле аймақтағы әскери жағдайдың өзгеруіне әкелмейді", алайда "АҚШ-тың сыртқы саясатының мақсаттарын жүзеге асыруға септігін тигізеді, өйткені сол аймақтағы маңызды серіктестің қауіпсіздігін нығайтуға көмектеседі" деп атап өткен. Конгресс Пентагонның хабарламасын 30 күн ішінде қарайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу