Байден: АҚШ балаларға вакцина егуге дайын

758

Вакциналау процесі үшін дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшері сатып алынған.

Байден: АҚШ балаларға вакцина егуге дайын Фото: reuters.com

АҚШ 5 және 11 жас аралығындағы балаларға COVID-19 дертіне қарсы вакцина егуге дайын. Бұл туралы Президент Джо Байден мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқарма, сондай-ақ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының сарапшылары алдағы аптада осындай жастағы балаларға екпе салдыруға болатынын не болмайтынын  хабарлайды.

Ақ үй басшысы вакциналау үшін дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшері сатып алынғанын атап өтті.

Қыркүйек айында Финляндиядағы Тампере университеті 6 айлық сәбилерге вакцинаны салып, сынақ өткізбекші деп хабарланған еді. Зерттеушілер Biontech және Pfizer компаниялары жасаған Comirnaty вакцинасын қолданбақ. Сынақты өткізу үшін 6 ай және 1 жас аралығындағы 1 250 сәби керек екені жарияланды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу