АҚШ банктерінің жабылуы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

526

АҚШ-тың банк секторы әлі де шығынға ұшырап жатыр.  

АҚШ банктерінің жабылуы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Фото: Зеркало

Ешқандай шара қолданылмаса, мұхиттың арғы бетіндегі жабылатын қаржы ұйымдарының саны әлі де көбеюі мүмкін. Сарапшылай осындай ой түйді. Кәзірдің өзінде, америкалық екінші деңгейлі банктердің портфеліндегі бағалы қағаздарды қайта бағалаудан кейін шығын көлемі 620 млрд долларға жетті. Бұл ретте мамандар АҚШ-тағы жағдай Қазақстан экономикасына әсер ете ме деп алаңдайды.

АҚШ-тың банк нарығындағы келеңсіз жағдай федералды резерв жүйесі мөлшерлемелерін көтеруге байланысты басталды. Қазақстандық сарапшылардың пікірі осы. Бұл шара инфляцияны төмендетуге бағытталған. Енді жағдайды реттеу үшін Федералды резерв базалық мөлшерлемені төмендетуі қажет. Сарапшылар пікірінше, Америкадағы қаржылық жағдай Қазақстанға тікелей әсер етпесе де, кей салаға салмақ түсіреді.   

"Егер қандайда бір қаржылық кризис болатын болса, біз үшін тиімсіз тұсы  ол мұнай бағасы. Мәселен, мұнай бағасының соңғы 3 күнде 86 доллардан 79,8 долларға төмендегенін көріп отырмыз. Демек, 9 пайызға арзандаған. Бұл дегеніміз экономиканың өсу қарқыны баяулайды, сұраныс азаяды деген сөз", дейді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшысы Рамазан Досов.

Сарапшылар сөзінше, егер мұнай бағасы төмендей беретін болса, Қазақстанға бюджетті қайта қарау туралы ойлану керек. Демек, мемлекет қазынасына түсетін қосымша шығындар да болады деген сөз. Экономистер Америкадағы қазіргі жағдай 2008 жылғы қаржылық дағдарыс кезіндегідей ауыр емес екеніне сенімді. Сондықтан, шағын 10 банкті аман алып қалуы үшін базалық мөлшерлемені төмендетпесі анық. Ал, инфляцияны тежеу мәселесі әлі де өзекті.   

"Қазіргі жағдай алаңдататыны белгілі. Бірақ, 2008 жылғы ипотекалық несиелер мен облигациялар құлдыраған кезге қарағанда қазіргі жағдай жақсырақ. Бұл мәселені ақша құю арқылы шешуге болады және оны АҚШ жақсы түсініп отыр. Менің ойымша, бұл мәселе анау айтқандай күрделі емес. Ең қорқыныштысы, АҚШ-тың қаржы реттеушілері мен саясаткерлерінің бұл жағдайға реакциясы қандай болады?", дейді Экономист Расул Рысмамбетов.

Сарапшылар сөзінше, Федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемеге қатысты шешімді осы айдың аяғында шығарады. Ол кем дегенде 0,5 тармаққа жоғарылайды деген болжам бар. Ал бұл доллардың теңгеге ғана емес, биылғы жылдың екінші тоқсанында басқа валюталарға қатысты нығаюына алып келеді деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу