АҚШ Башар Асадтан БҰҰ-ның 100 миллион долларлық көмегін ұрлады деп күдіктенеді

870

Бұған американдық CSIS аналитикалық орталығының мәліметтері дәлел бола алады, деп хабарлайды inbusiness.kz newsweek.com сайтына сілтеме жасап.  

АҚШ Башар Асадтан БҰҰ-ның 100 миллион долларлық көмегін ұрлады деп күдіктенеді

Башар Асад режимі соңғы екі жыл ішінде валюта бағамдарын бұрмалап, БҰҰ-ның көмегі арқылы Сирияның халықаралық резервтерін толықтырған. CSIS сарапшылары Сирия Орталық банкінің іс-әрекеттерін талдау арқылы осындай қорытындыға келіп отыр.

Айталық, соғыс басталғанға дейін Сирияда 1 доллар 50 Сирия фунтын құраған болса, қазір ол шамамен 3 500 Сирия фунтына тең. Бірақ Сирия фунты соғыс пен сыбайлас жемқорлықтан, батыстық санкциялардан және Ливандағы қаржылық, экономикалық дағдарыстан қатты зардап шекті.

Еске салайық, Башар Асад шілде айындағы Президент сайлауында 91,5% дауыс жинап төртінші мерзімге президент болып сайланған. Ол елді 2000 жылдан бері басқарып келеді.

Оралбай Мергенбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу