АҚШ басқа елдерге AstraZeneca вакцинасының 60 млн дозасын үлестірмек

814

Бұған дейін Еуропалық комиссия осы компанияны сотқа берген еді.  

АҚШ басқа елдерге AstraZeneca вакцинасының 60 млн дозасын үлестірмек Фото: reuters.com

АҚШ AstraZeneca жасап шығарған вакцинаның 60 миллион дозасын басқа елдерге таратады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үйдің коронавируспен күрес жөніндегі бас кеңесшісі Энди Славиттің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Ол препарат партияларының қайда және қашан жіберетінін ашып айтпады. Ескере кететін жайт, елдегі азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы АҚШ-та AstraZeneca вакцинасын қолдануға әзірге рұқсат бермей отыр. Құрама Штаттар алдағы бірнеше айда тіпті бұл вакцинаны  қолданбауы мүмкін. 

Бұған дейін Еуропалық комиссия AstraZeneca компаниясын жеткізілім кестесін бұзғаны үшін сотқа берген еді.  Еуропалық комиссия компанияның екіжақты келісімнің кейбір ережелерін орындамағанын, сондықтан орган Еуропалық Одаққа мүше 27 мемлекеттің атынан сотқа жүгінгенін хабарлаған болатын. 

Табиғат  Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу